АҚШ президенті Дональд Трамп Иракқа бірінші рет сапарлап барды. Президент ұшағы 26 желтоқсан күні кешкісін Бағдадтың батысындағы әуе базасына қонды. Америкалық БАҚ-тың жазуынша, Ақ үй бұл сапар жайлы алдын ала хабарламаған. Ақ үйдің ресми өкілі Сара Сандерс Трамп пен оның зайыбы Мелания сарбаздарға қызметі үшін алғыс айтып, Рождествомен құттықтағысы келгенін хабарлады.
FoxNews телеарнасының хабарлауынша, әскери қызметкерлер алдында сөйлеген Дональд Трамп Ирактағы америкалық әскерилер санын азайту ойында жоқ екенін айтты.
Ирак аумағында АҚШ-тың бірнеше әскери базасы мен бес мыңнан асатын әскері бар.
19 желтоқсан күні АҚШ президенті Сириядағы америкалық әскерді екі ай көлемінде толық шығаратынын мәлімдеген. Қорғаныс министрі Джеймс Мэттис бұған наразылық білдіріп, отставкаға кетті. Бұдан бөлек, Трамп Ауғанстандағы 14 мың әскердің жартысын қысқартатынын мәлімдеген.
ПІКІРЛЕР