Accessibility links

Жеңіс Қасымбек министрлік атауын өзгерту себебін түсіндірді


Жеңіс Қасымбек, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.
Жеңіс Қасымбек, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

Қазақстанда қайта құрылған Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің басшысы Жеңіс Қасымбек жаңа министрліктің құрылу себебін айтты. Сенат отырысынан соң журналистер сауалдарына жауап берген Жеңіс Қасымбек бұған дейінгі инвестиция және даму министрлігінің кейбір қызметтерін Ұлттық экономика министрлігі мен Сыртқы істер министрлігіне беріп, министрлікті қайта құрудың инвестиция тарту мақсатында жасалғанын айтты.

"Әлемде соңғы екі жылда шетел инвестициясын тарту құлдырады. Былтыр әлемде шетел инвестициясын тарту 40 пайызға азайып кетті. Сондықтан бұл жерде нақты бағытта жұмыс істеп, оған шетелдердегі өкілдіктеріміз бен елшіліктерімізді тарту қажет. Яғни, елшілеріміздің басты міндеттерінің бірі экспортты алға жылжытып, инвестиция тарту болады. Бұл - халықаралық тәжірибеде бар, әдеттегі қызмет" деді Жеңіс Қасымбек.


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 26 желтоқсан күні өз жарлығымен инвестициялар және даму министрлігін қайта құрып, атауын Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі деп өзгерткен.

Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір қызметтері Ұлттық экономика министрлігіне (инвестиция тарту cаясатын құру және жоспарлау) және Сыртқы істер министрлігіне (инвестиция тарту саясатын жүзеге асыру) берілген.

Жеңіс Қасымбектің айтуынша, енді шетелден инвестиция тартумен және экспорт мәселелерін үйлестірумен тікелей Сыртқы істер министрлігі мен "Қазақинвест" ұлттық компаниясы айналысады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG