Accessibility links

Алматы облысында саяси қуғын-сүргін құрбандарына музей ашылды


Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған музей. Алматы облысы, Жаңалық ауылы, 27 желтоқсан 2018 жыл.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған музей. Алматы облысы, Жаңалық ауылы, 27 желтоқсан 2018 жыл.

Алматы облысының Жаңалық ауылында саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған музей ашылды.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, музей үш залдан тұрады. Алғашқы залда Қазақстандағы 1916-1986 жылдардағы қуғын-сүргіндердің тарихы жазылған. Екінші зал саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған. Бұл залда Алматы облысынан қуғынға ұшыраған 4125 адамның аты-жөні мәрмәр тасқа қашалып, қабырғаға ілінген. Залда олардың қысқаша өмірбаяны қойылған.

Музейдегі үшінші залда Алматы облыстық ішкі істер департаментінің мұрағатынан алынған суреттер мен құжаттардың көшірмелері қойылған. Бұдан басқа, музейде сталиндік қуғын-сүргінге ұшыраған қазақтың зиялы қауым өкілдерінің аты-жөндері жазылған тақта орнатылған.

Музейде аумағы 635 шаршы метрді құрайды. Жаңа мекемеде тоғыз адам қызмет істейді.

Музейдің ашылу салтанатында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов сөйлеп, мұражайға әкімдік атынан көлік кілтін табыстады.

Тарихшылардың деректері бойынша, сталиндік қуғын-сүргін жылдары Қазақстанда 22 мың адам атылған. Солардың арасында 4 мың 800 адам Жаңалық ауылы маңындағы жерге көмілген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG