Accessibility links

Украина шығысында мерекеге орай бітім жасалды


Донецк түбіндегі Александровка ауылында тұрғындар атыстан қираған үйіді жөндеп жатыр. Украина, 22 желтоқсан 2018 жыл.
Донецк түбіндегі Александровка ауылында тұрғындар атыстан қираған үйіді жөндеп жатыр. Украина, 22 желтоқсан 2018 жыл.

Украина шығысындағы қақтығыс аймағында жаңа жыл мерекесіне орай уақытша бітім жасалды. 29 желтоқсаннан бастап атыс тоқтатылады. Бұл жөнінде жанжалды реттеу жөніндегі үшжақты байланыс тобына қатысушылар мәлімдеді.

Украина өкілі Евгений Марчук үкімет бітімді пайдаланып, залал келген ғимараттарды жөндейтінін мәлімдеді. Мойындалмаған Луганск халық республикасының өкілі Андрей Марочко да бітім шартын орындауға уәде берді. Байланыс тобындағы Ресей өкілі Борис Грызлов Мәскеу оқ атуды тоқтату шартын бұзғандарды жауапқа тартуды талап ететінін айтты.

Былтыр Донбасста 23 желтоқсанда бітім жасалған. Бірақ 2018 жылы Ресеймен шектесетін аймақта әскери жағдай қайта шиеленіскен. Бұған Керчь бұғазындағы оқиға себеп болды. Қараша айының 25-і күні Ресей шекарашылары Украинаның үш әскери кемесіне оқ атып, теңізшілерімен бірге ұстаған. Қарашаның 28-і күні Украинаның Ресеймен шектес облыстарында бір айға әскери жағдай жарияланып, 26 желтоқсанда оның күші жойылған.

Украина шығысында 2014 жылы көктемде ресейшіл сепаратистер мен үкімет әскері арасынеда басталған қақтығыстардан жалпы 10 мыңнан астам адам құрбан болып, жүздеген мың адам үйін тастап кетуге мәжбүр болды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG