Accessibility links

Трамп: АҚШ Сириядағы күрдтерді қолдайды


Сириядағы АҚШ әскерилері.
Сириядағы АҚШ әскерилері.

АҚШ президенті Дональд Трамп Сириядағы америкалық әскерилердің "белгілі бір уақыттан соң" шығарылатынын мәлімдеді. Ол АҚШ қолдайтын сириялық күрдтерді қорғау керек болғандықтан, әскерилер шығарылатын уақытты нақты айтпады. Бұған дейін Түркия сириялық күрдтерге шабуыл жасауы мүмкін екенін мәлімдеген. Reuters агенгттігі бұдан соң Пентагон Сириядан әкетілетін АҚШ әскерінің қару-жарағы - бронды техникалар, минометтер мен танкіге қарсы қолданылатын зымыран кешендерін күрдтерге қалдырып кетуді жоспарлап отырғанын хабарлаған. Алайда, бұл туралы түпкілікті шешім әлі қабылданбаған.

Дональд Трамп Сириядан АҚШ әскерінің шығарылатынын 19 желтоқсанда хабарлаған. Ол АҚШ басқаратын халықаралық коалиция Сирияда "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымымен күресте жеңіске жеткенін мәлімдеген. Алайда, АҚШ армиясының қолбасшылығы президенттің шешімімен келіспей, әскер шығаруға әлі ерте екенін мәлімдеген.

1 қаңтарда Трамптың әскер шығаруды кешеуілдетіп, төрт ай уақыт бергені белгілі болған. БАҚ-тың мәліметінше, АҚШ президенті Сириядағы әскерилерге қатысты шешімін өткен аптада Ирактағы америкалық әскери базаға барған соң өзгерткен. Әскер басшылары жиһадшылардың толық күйремегеніне Трамптың көзін жеткізген.

Түркия ИМ-ге қарсы АҚШ жағында соғысқан күрд жасақтарының Күрдістан жұмысшы партиясымен байланысы бар деп біледі. Түркия мен көптеген ел, оның ішінде Еуропа Одағы Күрдістан жұмысшы партиясын террорлық ұйым деп санайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG