Accessibility links

Қарағандыда полицей "заңсыз киік атты" деген күдікпен ұсталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қарағанды облысында Ұлытау аудандық ішкі істер бөлімінің капитаны заңсыз киік аулады деген күдікпен ұсталды.

Ауылшаруашылығы министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Охотзоопром" республикалық мекемесінің инспекторлары 25 желтоқсан күні Нұра ауданында Жанбөбек ауылынан 30 километр қашықта бұзылып тұрған жол талғамайтын Toyota Land Cruiser 100 және Toyota Land Cruiser 80 көліктерін тапқан.

Инспекторлар бұл көліктер жүрген жолға түсіп, атып алынған 18 киіктің денесін тапқан. Бұдан соң инспекторлар іздестіру шаралары нәтижесінде Ұлытау ауданының Алғабас ауылында тұратын учаскелік полиция инспектор Марғұлан Бралиновтің үйіне барған. Оның үйінен атылған тағы 12 киіктің денесі табылған.

Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 337-бабының 4-тармағымен ("заңсыз аңшылық") іс қозғаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG