Accessibility links

Түркістанда мемлекетке қайтарылатын жердегі нысандарды бұза бастады


Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен ескі үй (Көрнекі сурет).
Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен ескі үй (Көрнекі сурет).

Түркістан қаласында "Рухани-мәдени орталық" аймағына қажетті жерді дайындау мақсатында мемлекет мұқтаждығына алынады деп шешілген 171 жер телімінің 61-інде салынған нысандар бұзыла бастады. Бұл туралы қаңтардың 4-і күні Азаттыққа қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, жер иелерімен түсіндіру жұмыстарын 23 адамнан құрылған арнайы штаб жүргізіп жатыр. 171 жер телімінен 61-інің иесі жерін мемлекетке қайтаруға келісім берген. Екі кәсіпкерлік нысан бұзылған. 40 жеке тұрғын үйдің иесі келісімге келмеген. Қалған жер иелері бағалау қорытындысын күтіп отыр. Келісімге келмеген тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Әкімдіктің дерегінше, "Рухани-мәдени орталықтың" жалпы көлемі 98 гектар. Осы аймақта 13 кәсіпкерлік нысан, 158 жеке тұрғын үй орналасқан. Бұл нысандар орналасқан жер телімдерін мемлекет қажеттілігіне қайтару туралы акт толтырылған. 165 нысанның құжаты толық жиналып, бағалау жұмыстары басталған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG