Accessibility links

Тәжікстандық құқық қорғаушы Файзинисо Вохидова өмірден өтті


Тәжікстандық танымал адвокат Файзинисо Вохидова.
Тәжікстандық танымал адвокат Файзинисо Вохидова.

Тәжікстанда ондаған жылдар бойы диссиденттер, құқық қорғаушылар мен оппозициялық саясаткерлердің құқығын қорғап келген танымал адвокат Файзинисо Вохидова дүниеден өтті.

Келіні Тахмина Рахимованың Азаттыққа хабарлауынша, 55 жастағы Вохидова 4 қаңтарда Тәжікстанның солтүстігіндегі Бободжонгафуров ауданындағы ауруханада өкпе қабынуынан қайтыс болған.

Мәскеу мемлекеттік университетінің түлегі Файзинисо Вохидова заңгер ретінде еңбек жолын 1995 жылы бастаған. Ол Тәжікстанда оппозициялық қайраткерлер, журналистер мен азаптауды басынан өткерген жандарға жәрдем көрсеткен санаулы адвокаттардың бірі болды.

Human Rights Watch (HRW) халықаралық құқық қорғау ұйымының Орталық Азиядағы адам құқығының ахуалы жөніндегі зерттеушісі Стив Свердлоу заңгердің қайтыс болуын "Тәжікстан үшін үлкен қаза" деп, ал Вахидованың өзін елдегі "ең батыл адвокаттардың бірі" деп атады.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG