Accessibility links

АҚШ-та атыстан үш адам қаза болған


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

АҚШ-та жұманың кешінде Лос-Анджелестің іргесіндегі Торранс қалашығында боулинг-клубта болған атыс салдарынан үш адам қаза тауып, төрт кісі жараланған деп хабарлады CNN. Бұған дейін қала полициясы "қаза болғандар бар" деп хабарлағанымен олардың санын айтпаған еді.

Куәгерлердің бірі оқиға орнынан Facebook әлеуметтік желісінен тікелей трансляцияда көрсеткен видеода еденде сұлық түсіп, қанға бөгіп жатқан адам бейнеленген.

Оқиғаның тағы бір куәгері The Los Angeles Times басылымына атыс алдында төбелес болғанын айтқан.

Полиция боулинг-клубтың төңірегін қоршауға алған. Оқ атқан адам туралы әзірше ресми ақпарат жоқ.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG