Accessibility links

Магнитогорскіде қаза тапқан тәжік отбасы жерленді


Магнитогорск қаласында болған апаттан қаза тапқан тәжік отбасын жерлеу рәсімі. Хатлон облысы, 7 қаңтар 2019 жыл
Магнитогорск қаласында болған апаттан қаза тапқан тәжік отбасын жерлеу рәсімі. Хатлон облысы, 7 қаңтар 2019 жыл

Тәжікстанның оңтүстігінде Ресейдің Магнитогорск қаласында болған апаттан қаза тапқан тәжік отбасы жерленген. 7 қаңтарда 24 жастағы Раджамбо Исоева мен оның үш баласы Малик Гиёев атындағы ауылға жерленген. Жерлеу рәсіміне қатысқан жүзден астам адам арасында жергілікті билік өкілдері де болған. Қаза тапқандардың сүйектері елге 6 қаңтарда кешке жеткізілген.

Ресейдегі ауруханада жатқан Исоеваның күйеуі Шухрат Улфатов әлі есін жимаған.

Қарай отырыңыз: Магнитогорскідегі апат (3 қаңтар 2019 жыл)

31 желтоқсанда Магнитогорск қаласындағы он қабатты үйде газ жарылып, бір подъезд қираған. 39 адам қаза тапқан. 3 қаңтарда Ресейдің ресми органдары жарылыстың газ шығуынан туындағанын айтты. Магнитогорскіде 7 қаңтарда апатта қаза тапқан азаматтардың соңғыларын жерлеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG