Accessibility links

Швецияда бес өзбек пен бір қырғыз терроризм бабымен сотқа тартылды


Швецияда сотқа тартылып жатқан Бахтиор Умаров, Давид Идриссон және Атабек Абдуллаев (солдан оңға қарай)

Швецияда тұрып жатқан бес өзбекстандық және бір қырғызстандық азамат ДАИШ террорлық ұйымына ақша аударды деген айыппен сотқа тартылып жатыр. Олардың үшеуіне осы елде шабуыл ұйымдастырмақ болды деген де айып тағылған.

Алғашқы сот отырысы 7 қаңтар күні Стокгольм сотында өтті. Ғимаратта қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Сот құжаттарына сәйкес күдіктілердің бесеуі, яғни Акромион Ергашев, Бахтиор Умаров, Гулом Таджиев, Шоахмад Махмудов және Давид Идриссон - өзбекстандық, алтыншы Атабек Абдуллаев атты күдікті - қырғызстандық.

Абдуллаев, Идриссон мен Умаровқа "адам өлтіру мен жарақат салу үшін жарылғыш зат пен түрлі құрал иемденді" деген айып тағылған.

24 пен 46 жас арасындағы алты күдіктінің бәрі Швецияда заңды түрде тұрып жатқан. Олар өздеріне тағылған айыпты терістейді.

Стокгольмдегі сот процесі 11 ақпанға дейін жалғасады.

2017 жылғы сәуірде Өзбекстаннан Швецияға келіп, саяси баспана сұрап жатқан Рахмат Акилов есімді азамат радикализм жолына түсіп, Стокгольмде бес адамды жүк көлігімен қағып өлтірген. Былтыр маусымда Акилов өмір бойы түрмеде отыру жазасына кесілген еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG