Accessibility links

Астана әкімі үлескерлер мәселесін шешу мерзімін атады


Астанадағы құрылысы бітпей тұрған "Комсомол" тұрғын үй кешені. 3 шілде 2018 жыл. (Көрнекі сурет.)
Астанадағы құрылысы бітпей тұрған "Комсомол" тұрғын үй кешені. 3 шілде 2018 жыл. (Көрнекі сурет.)

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов қаладағы тұрғын үйге ақша салып, алданып қалған үлескерлер мәселесі 2022 жылдың соңына дейін шешілетінін мәлімдеді. Қала активімен өткен жиында әкім Сұлтанов Астанада қазір құрылысы уақытында аяқталмаған 29 нысан барын айтты.

"Алданған үлескерлер мәселесін шешу үшін біз барлық проблемаға айналған нысандар құрылысын 2022 жылдың соңына дейін аяқтаудың жол картасын жасадық. Ол айқын экономикалық есепке құрылған" деді қала әкімі.

Бұған дейін Астанада құрылысы уақытында аяқталмаған елуден астам тұрғын үй кешені, уәделі пәтерлерін күтіп жүрген он мыңға жуық үлескер бары айтылған.

Оқи отырыңыз: Жаңа ипотека Қазақстандағы тұрғын үй мәселесін шеше ме?

Былтыр көктемде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы құрылысты аяқтау үшін бюджеттен қырық миллиард теңге бөлінетінін мәлімдеген.​

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG