Accessibility links

Трамп демократтармен "шатдаун" жайлы келіссөзін тоқтатты


Дональд Трамп, АҚШ президенті.
Дональд Трамп, АҚШ президенті.

АҚШ президенті Дональд Трамптың 9 қаңтар күні конгрессте Демократиялық партия жетекшілерімен федералдық үкімет жұмысының ішінара тоқтауы ("шатдаун") жөніндегі келіссөзі бастала сала үзілді.

Келіссөзге АҚШ сенатындағы демократтар жетекшісі Чак Шумер мен өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси қатысты. Трамп кездесу басталған соң ұзамай Twitter-де өзінің Мексикамен шекарада қабырға тұрғызу туралы ұсынысын Нэнси Пелоси қолдамаған соң "Олай болса, бізде талқылайтын ешнәрсе жоқ" деп, келіссөзден кетіп қалғанын жазды. Трамп кездесуді "босқа уақыт өткізу" деп атады.

Конгресстегі демократтар жетекшісі президенттің "өз дегенін орындата алмаған кезде қалай ашуы қысатынына" куә болғанын мәлімдеді.

8 қаңтар күні Дональд Трамп президент болған екі жылдан бері бірінші бірінші рет халыққа телеарнадан үндеу жолдаған. Ол АҚШ-тың Мексикамен шекарасындағы заңсыз миграция мәселесін "гуманитарлық дағдарыс" деп атап, конгрессмендерді шекарада қабырға тұрғызуға қаржы бөлуге шақырған.

Трамп мұның алдында конгресстен қабырға тұрғызуға 5,7 миллиард доллар бөлуді сұраған. Алайда, конгрестте көпшілікті құрайтын демократтар қабырға құрылысын қаржыландыруды қолдамаған. Мұның салдарынан үкімет жұмысының ішінара тоқтатағанына үшінші апта болды. АҚШ тарихында мұндай ұзақ "шатдаун" екінші рет болып отыр.

Демократтар Трампқа қабырға тұрғызудың орнына шекарадағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 1,3 миллиард доллар бөлуді ұсынып отыр. Пелоси мен Шумер бұған қоса Трампқа сайлауалдында айтқан "қабырға шығынын Мексикаға өтетеміз" деген уәдесін де есіне салды. Бірақ Мексика қабырға шығынын төлеуден бас тартқан.

АҚШ президенті шекарада қабырғаны конгресстің келісімінсіз тұрғызу үшін елде төтенше жағдай жариялануы мүмкін екенін айтады. 10 қаңтарда Трамп Техас штатындағы Мексикамен шекараға барады деп жоспарланып отыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG