Accessibility links

Сауд Арабиясынан қашқан қыз Канададан пана тапты


Рахаф Мохаммед әл-Кунун (оң жағында) Бангок әуежайында жүр. 11 қаңтар 2019 жыл
Рахаф Мохаммед әл-Кунун (оң жағында) Бангок әуежайында жүр. 11 қаңтар 2019 жыл

Сауд Арабиясынан қашқан 18 жастағы азамат Рахаф Мохаммед әл-Кунун Канададан пана тапты. 12 қаңтарда BBC оның Канадаға келгенін хабарлады.

Бұған дейін БҰҰ "исламнан бас тартқаным үшін мені өлім жазасына кеседі" деп мәлімдеген Сауд Арабиясының азаматына босқын мәртебесін берген.

Әл-Кунун 6 қаңтарда Кувейтте отбасымен бірге демалып жүргенде Таиландқа қашып кеткен. Бірақ ол Бангкок әуежайына жеткен кезде төлқұжатын Сауд Арабиясы елшілігінің өкілі алдап алып қойғанын айтады. Одан кейін қыз Бангкок әуежайындағы қонақ үй бөлмесінен шықпай қойды. Бір тәуліктен соң Таиланд билігі Рахафты еліне немесе Кувейтке қайтармайтынын мәлімдеді. Оны қонақ үйден БҰҰ өкілдері алып кетті.

BBC телеарнасына сұхбат берген қыз исламнан бас тартқанын, бұл ісі үшін Сауд Арабиясында оны өлім жазасына кесетінін мәлімдеген.

Сауд Арабиясының билігі соңғы жылдары әйелдерге қатысты кей шектеулерді жоя бастағанымен, бұл елде әйелдер құқығы әлі де қатты шектеледі.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG