Accessibility links

Сот белсенді Қайырлы Омардың қамау мерзімін тағы ұзартты


Белсенді Қайырлы Омар сотта сөйлеп тұр. Астана, 12 қаңтар 2019 жыл.

Астананың Есіл аудандық №2 соты "пәтер иелері кооперативінің (ПИК) төрағасы бола жүріп аса ірі көлемде ақша жымқырған" деген күдікке іліккен "Жер тағдыры" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Қайырлы Омарды қамауда ұстау мерзімін 9 ақпанға дейін ұзарту туралы шешім шығарды. Соттан белсендінің қамау мерзімін ұзартуды тергеу орындары сұраған.

Сот отырысына Қайырлы Омардың туыстары мен азаматтық белсенділер қатысты.

Қайырлы Омардың адвокаты Қайыргелді Ілиясов істі қарап жатқан тергеу сотының судьясы Тимур Көпбосыновқа "мүдделі тұлға" ретінде сенімсіздік білдіріп, оны ауыстыруды талап етті. Сот адвокаттың өтінішін қанағаттандырмады.

Сарыарқа аудандық прокуратурасының өкілі Димаш Арыстанбеков "ұрланған ақшаның қайда жұмсалғанын анықтау" үшін Қайырлы Омарды тағы бір ай қамауда ұстауды соттан сұрады. Оның сөзін қолдаған тергеуші Дархан Кенжебеков Қайырлы Омардың "тергеу орындарынан жасырынып қалуы, тергеуге кедергі келтіруі мүмкін" екенін айтты.

- Бұрын жауап алынған 38 адамды кассалық ордерді тексере отырып тағы тергеуіміз керек. Себебі, Қайырлы Омар ұрлады деген 14 миллион теңге 3 миллион теңгеге азаюы мүмкін. Сарапшы мен аудитордан жауап алып үлгермедік, оның туыстарын да қайта тергеу қажет, - деді Дерхан Кенжебеков сотқа.

Судья прокурор мен тергеушінің өтініштерін қанағаттандырды.

Адвокат Қайыргелді Ілиясов тергеу орындары Қайырлы Омардың ісін әдейі созып отыр деп санайды. Оның пікірінше, белсенді "ақшаға бола емес, қазіргі билікке қарсы шыққаны үшін" қудалауға тап болған.


Тергеу орындары "Жер тағдыры" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Қайырлы Омарға Көктал ықшамауданындағы тұрғын үй кешеніндегі тұрғындардың ақшасын жымқырды деген айып таққан. Қайырлы Омар өзін қамауға аларда қоғамдық қызметі үшін қудалап жатқандарын, жерді шетелдік инвесторларға сату мәсеселін көтергені үшін "кінәлі" болғанын мәлімдеген.

Қайырлы Омар "ПИК қаржысын жымқырды" деген күдікпен 2018 жылы 5 шілдеде ұсталып, он тәулікке қамалған. 19 шілдеде ол кепіл қойып, үйқамаққа шыққанымен кейін билік белсенді үйқамақта ұстау шартын бұзды деп тауып, өткен жылы 16 қазанда Қайырлы Омарды екі айға тұтқындап, тергеу абақтысына отырғызған. Желтоқсанда сот оны қамауда ұстау мерзімін тағы бір айға ұзартқан.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

AzatNews 18.01.2019
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:15:05 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG