Accessibility links

Денис Тенді өлтірді деген айыпты кінәсін мойындады


Спортшы Денис Теннің өліміне қатысты істегі күдіктілер сот камерасында бет-әлпеттерін жауып отыр. Алматы, 25 желтоқсан 2018 жыл.

Алматының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында спортшы Денис Тенді өлімі бойынша өтіп жатқан сот процесінде күдіктілердің бірі Нұралы Қиясов жауап берді. 14 қаңтар күні сотта Нұралы Қиясов "Мен кінәмді толық мойындаймын, алайда, біз кісі өлтіреміз деп алдын ала жоспарлаған емеспіз" деді.

24 жастағы Нұралы Қиясов пен тағы бір сотталушы Арман Құдайбергеновке "қарақшылық" және "кісі өлімі" баптары бойынша айып тағылған. Сотталушы, 23 жастағы Жанар Толыбаева "қылмысты хабарламады" деп айыпталып отыр. Құдайбергенов пен Толыбаева 11 қаңтарда сотта өздеріне тағылған айыппен келіспейтініні мәлімдеп, соттан айыпты өзгертуді сұраған.

Денис Теннің өлімі бойынша негізгі сот процесі 3 қаңтарда басталған.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы Денис Тен былтыр 19 шілдеде Алматыда пышақталып, ауруханада қаза тапқан. Спортшыны қала орталығында көлігінің жанында әлдекімдер пышақтап, ауруханаға жеткізілген соң қайтыс болған. Ол көлігінің айнасын ұрлаған адамдарды тоқтатпақ болған кезде жараланған.

Денис Тен өліміне күдіктілер сотта жауап берді

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

AzatNews 18.01.2019
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:15:05 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG