Accessibility links

Ресей: Шахтыда көпқабатты үйдегі жарылыстан бір адам қаза тапты


Шахты қаласында жарылыстан қираған көпқабатты үйдегі пәтерлер. Ресей, 14 қаңтар 2019 жыл.

Ресейдің Ростов облысы Шахты қаласында көпқабатты үйде жарылыс болып, кем дегенде бір адам қаза тапты.

Ресей төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, 14 қаңтар күні таңертең болған жарылыстан тоғыз қабатты үйдің жоғарғы екі қабатында орналасқан төрт пәтер қирады. Төрт адам із-түзсіз жоғалған. ТАСС агенттігінің хабарлауына қарағанда, оқиға орнында 120 адам іздеу және құтқару жұмыстарын атқарып жатыр.

Тергеушілер көпқабатты үйде газ баллоны жарылғанын және оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтады.

31 желтоқсан күні Магнитогорск қаласындағы он қабатты үйде жарылыс болып, бір подъезд толық қираған. Апаттан 39 адам қаза тапқан. Ресми органдар жарылыс бөлмеге газ шығуынан болғанын мәлімдеген.

Қарай отырыңыз: Магнитогорскідегі апат (3 қаңтар 2019 жыл)

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

AzatNews 18.01.2019
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:15:05 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG