Accessibility links

Иранда Қырғызстаннан ұшып шыққан ұшақ құлады


Тегеранның батысында құлаған Boeing 707 жүк ұшағы.
Тегеранның батысында құлаған Boeing 707 жүк ұшағы.

Иранда 14 қаңтар күні Қырғызстаннан ұшып шыққан Boeing 707 жүк ұшағы құлады. Бішкектегі "Манас" әуежайының баспасөз хатшысы Әлия Құрбанованың Азаттықтың Қырғыз қызметіне хабарлауынша, ұшақ ирандық компанияға тиесілі болған және ол Қырғызстаннан Иранға чартерлік рейспен ұшқан.

Құрбанованың сөзінше, ұшақ 14 қаңтар күні сағат 7:16-да "Манас" әуежайынан "Тегеран түбіндегі Пайам әуежайына ұшып кеткен.

Ұшақ апатынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы әзірге ресми расталған мәлімет жоқ. Reuters агенттігінің Иранның мемлекеттік телеарнасына сілтеме жасап хабарлауынша, ұшақ Тегеранның батысында ауа-райының нашарлығынан құлаған. Әрқилы мәлімет бойынша, ұшақта кем дегенде тоғыз адам болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG