Accessibility links

Кабулда жарылыстан бірнеше адам қаза тапты


Дәрігерлер жарылыстан жараланған адамды ауруханаға әкетіп барады. Кабул, 14 қаңтар 2019 жыл.
Дәрігерлер жарылыстан жараланған адамды ауруханаға әкетіп барады. Кабул, 14 қаңтар 2019 жыл.

Ауғанстан астанасы Кабул қаласында 14 қаңтарда кешке болған жарылыстан төрт адам қаза тауып, 90-нан астам адам жараланған. Ауғанстан ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Наджиб Даништің хабарлауынша, Кабулдың шығысындағы бұрын шетелдік үкіметтік емес ұйымдар өкілдіктері орналасқан Green Village кешенінде көлікке жасырылған бомба жарылған. Жарылысты әзірге ешкім мойнына алған жоқ.

Ішкі істер министрлігінің өкілі Насрат Рахими жараланғандар арасында 23 бала бар деп хабарлады.

Green Village кешенінде бұған дейін БҰҰ қызметкерлері тұрған және жұмыс істеген. Бірақ Даништің сөзінше, қазір көп бөлігі бос тұрған кешенде бірнеше күзетші ғана қалған. "Жарылыс айналадағы тұрғын үйлерге айтарлықтай зардап келтірді" деді Даниш. Жарылыс болған жерге полицияның арнайы жасағы барған.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG