Accessibility links

Шымкентте қыз баланы зорлау қылмысына күдікті ұсталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Шымкент қаласында 9 жасар қызды зорлау қылмысына күдікті Алматы қаласының тұрғыны ұсталған. Бұл туралы 15 қаңтарда Шымкент қалалық полиция департаменті хабарлады.

Департаменттің мәліметінше, күдікті 5 қаңтарда ішкі істер министрлігі мен қалалық полиция департаменті қызметкерлерінің бірлесіп жүргізген жедел-тергеу іс-шаралары барысында ұсталған.

"Күдікті - Алматы қаласының тұрғыны. Ұсталған азаматтың қылмысқа қатысы барын куәлер мен жәбірленушінің өзі растады" делінген полиция хабарламасында.

Бұған дейін полиция 5 қаңтарда Шымкент тұрғыны кәмелет жасына толмаған қызын "әлдекімнің зорлағаны" туралы арызданғанын, оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің "зорлау" бабы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын хабарлаған.

Шымкент қалалық прокуратурасы өткен жылы кәмелет жасына толмаған балаларға жасалатын жыныстық сипаттағы қылмыс саны күрт өскені туралы мәлімдеген. Прокуратураның ақпараты бойынша, былтыр 2017 жылмен салыстырғанда бала зорлау қылмысының саны 18-ден 43-ке дейін көбейген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG