Accessibility links

Қазақстанда телеарналар мен радио жұмысы уақытша тоқтады


Алматыдағы телемұнара. (Көрнекі сурет.)
Алматыдағы телемұнара. (Көрнекі сурет.)

Қазақстанда 16 қаңтарда телеарналар мен радио жұмысы уақытша тоқтады. Телерадио хабарларын тарататын "Қазтелерадио" компаниясының хабарлауынша, сәрсенбі күні сағат 3.00 мен 17.00 аралығында теле және радио хабарларын тарату желісінде жоспарлы профилактикалық және құрал-жабдықтарды қосымша өлшеу жұмыстары жүргізіледі.

"Қазтелерадио" операторының хабарлауынша, биыл сәуір, шілде және қазан айларында да телехабар мен радиохабарларын тарату желісінде профилактикалық жұмыстар жүргізу жоспарланып отыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG