Accessibility links

"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" компаниясы еншілес холдингтерін таратады


"ҚазМұнайгаз" компаниясының Астанадағы бас кеңсесі. Көрнекі сурет.
"ҚазМұнайгаз" компаниясының Астанадағы бас кеңсесі. Көрнекі сурет.

"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" (ҚМГ БӨ) компаниясы артықшылыққа ие акцияларын сатып алуды аяқтап, компанияның қосалқы холдингтік құрылымдарын таратады. Бұл туралы ҚМГ БӨ баспасөз қызметі хабарлады.

"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" акционерлік қоғамы Қазақстан қор биржасында (KASE) артықшылыққа ие акцияларын кері сатып алу қаңтардың 14-інде басталғанын, қаңтардың 30-ы күні аяқталатынын жариялады.

"2019 жылдың 30 қаңтарынан кейін "Қазпошта" бөлімшелері "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" компаниясының артықшылыққа ие акцияларын кері сатып алу туралы өтінштерді қабылдамайды" деп мәлімдеді компанияның баспасөз қызметі.

"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" компаниясының артықшылыққа ие акцияларын кері сатып алу бағдарламасы 2018 жылғы тамыздың 13-інде басталған. Артықшылыққа ие бір акция құны -12 800 теңге. Содан бері ҚМГ БӨ артықшылыққа ие бір миллионнан астам акцияны сатып алып, акция иелеріне 14,6 миллиард теңге төлеген.

ҚМГ БӨ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 31 қаңтардан кейін KASE-дегі артықшылыққа ие акциялардың бағасы төмендеуі мүмкін. Бұған қоса, компания сатып алу бағдарламасы аяқталған соң "ҚазМұнайГаз" компаниялар тобын қайта құрылымдауды және қосалқы холдингтік құрылымдарын таратуды жоспарлап отыр.

"ҚазМұнайГаз" компаниясына еншілес "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" акционерлік қоғамы 2004 жылы "Өзенмұнайгаз" және "Ембімұнайгаз" акционерлік қоғамдарын біріктіру жолымен құрылған. ҚМГ БӨ акцияларының 58 пайызы "ҚазМұнайГаз" компаниясына тиесілі. ҚМГ БӨ Қазақстанның батыс өңіріндегі 41 мұнай кенішін игереді. Олардың ең ірісі - Өзен кен орыны.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG