Accessibility links

Прагада өз-өзін өртеген Ян Палахты еске алды


Прагадағы Ян Палахты еске алу акциясы. 16 қаңтар 2019 жыл.
Прагадағы Ян Палахты еске алу акциясы. 16 қаңтар 2019 жыл.

Прагада осыдан тура 50 жыл бұрын Варшава келісімі елдері әскерінің Чехословакияны басып алуына қарсылық танытып өзін өртеп қаза тапқан Ян Палахты еске алды.

Ян Палах оқыған Карлов университетінде 16 қаңтарда марқұмның құрметіне көлемі 69х69 сантиметр ескерткіш тақта орнатылды. 69 - Ян Палах мерт болған 1969 жылды білдіреді. Ескерткіш тақтаның салмағы - 89 килограмм (Чехословакияда 1989 жылы барқыт төңкерісі болған).

Студент Ян Палах 1969 жылы 16 қаңтарда Праганың орталығындағы Вацлав алаңында өзін өртеген. Палахтың тұла бойын ораған жалынды сол маңнан өтіп бара жатқан адамдар сырт киімдерімен бүркеп өшірген. Ауыр жарақат алған жас жігітті ауруханаға апарған. Денесінің 89 пайызы күйген Палах үш күн ауруханада жатып, 19 қаңтарда қайтыс болған.

Ян Палахтың өлімі Чехословакияны дүр сілкіндірді. Прагада оны жерлеуге мыңдаған адам жиналды. Жерлеу рәсімі Чехословакияға совет әскерінің басып кіруіне қарсы ең үлкен акциялардың біріне айналды. Елдің коммунистік билігі Палахтың өз-өзін өртеуінің мәнін бұрмалауға тырысып бақты. 1973 жылы оның мүрдесі сақталған табыт құпия түрде ашылып, өртелді. Күлі салынған ыдыс Палахтың туған қаласы Вшетатыдағы зиратқа қойылды. Тек 1990 жылы, Чехословакиядағы барқыт төңкерісінен кейін Ян Палах мүрдесінің күлі салынған ыдысты Прагадағы зиратқа қайтадан қойды.

Совет әскері алдында өзін өртеген чех

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG