Accessibility links

Сирияда жарылыстан төрт америкалық қаза тапты


Сирияның Манбиж қаласында жарылыс болған жерде тұрған америкалық әскери көліктер. 16 қаңтар 2018 жыл.
Сирияның Манбиж қаласында жарылыс болған жерде тұрған америкалық әскери көліктер. 16 қаңтар 2018 жыл.

Пентагон Сирияның солтүстігінде "Ислам мемлекеті" экстремистк ұйымы жасаған жарылыстан қаза тапқандар арасында америкалық екі сарбаз бен АҚШ-тың екі азаматы барын хабарлады.

"Манбижде АҚШ-тың екі сарбазы, қорғаныс министрлігінің бір қызметкері мен келісімшарт бойынша жұмыс істейтін бір қызметкер қазап тапты. Үш сарбаз жараланды" деп хабарлады АҚШ қарулы күштерінің орталық қолбасшылығы.

Сириядағы соғыс барысына бақылау жасайтын топ АҚШ бастаған коалиция күштеріне жақын маңда жанкешті жасаған жарылыстан жиырмадан астам адам қаза тапқанын хабарлады.

Ұлыбританияда орналасқан Syrian Observatory for Human Rights (SOHR) тобы шабуылдан кем дегенде 16 адам, оның ішінде АҚШ қолдайтын сирия оппозициялық күштерінің бес сарбазы қаза болғанын хабарлады. Шабуылдан тоғыз адам жараланған. Жарылыс Манбиждегі орталық базарға жақын мейрамханада болған.

Reuters агенттігіне кугерлердің айтуынша, АҚШ әскерилері мейрамханада қалалық әскери кеңестің өкілдерімен кездесуге барған. АҚШ вице-президенті Майк Пенс президент Дональд Трамп екеуі шабуылды айыптайтынын мәлімдеді. Ол АҚШ Сириядан әскерін әкету жоспарынан айнымайтынын тағы да айтты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG