Accessibility links

Хакерлер 770 миллионнан астам электрондық поштаны жариялады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Хакерлер 770 миллионнан астам электрондық пошта мен 21 миллион парольді интернетте ашық ақпарат кеңістігіне шығарып жіберді. Бұл туралы батыстық БАҚ киберқауіпсіздік саласындағы сарапшыларға сілтеме жасап хабарлады.

Электрондық пошталар мен кілтсөздер базасы әуелде Mega онлайн мәліметтер базасына түскен. Кейін сілтеме хакерлердің танымал форумдарының бірінде жарияланған. Ақпараттық қауіпсіздік саласының мамандары мәліметтердің екі мыңнан астам ресурстан жиналғанын айтады. Жарияланған базада қолданушылардың несие карталары және жеке қаражаты туралы мәлімет жоқ.

"Касперский лабораториясы" компаниясы Ресейдің РБК агенттігіне интернетте жарияланған базада ресейлік қолданушылардың мәліметтері болуы мүмкін екенін хабарлады.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG