Accessibility links

Жапон теңізі аспанында ресейлік екі Су-34 ұшағы соқтығысты


Әуеде жаттығу жасап жүрген Су-34 әскери ұшақтары. (Көрнекі сурет.)

Ресейдің Қиыр Шығыс аймағында Жапон теңізі жағалауынан 35 километр қашықта екі Су-34 жойғыш әрі бомбалаушы ұшағы бір-бірімен соқтығысқан. Бұл ақпаратты Ресей қорғаныс министрлігі растады.

Қос ұшақ 18 қаңтарда таңертең Амурдағы Комсомольск қаласына жақын Хурба әуежайынан ұшып шығып, кейін радардан жоғалып кеткен. Екі ұшақ әуеде маневр жасап жүргенде соқтығысқан. Оқыс оқиғадан ұшақтардың бірі теңізге құлады. Кейбір мәлімет бойынша, қозғалтқышы бұзылған бір ұшақ әуежайға қонған.

"Интерфакс" агенттігінің өз дереккөзіне сілтеме жасап хабарлауынша, екі ұшақтың да ұшқыштары тірі. Катапультпен секіріп кеткен бір ұшқыш Татар бұғазынан табылған. Құтқарушылар екінші ұшқышты іздеп жатыр.

Су-34 ұшақтарын "Сухой" компаниясы жасап, 2014 жылы Ресей қарулы күштері сапына алынған. Стратегия мен технологияны талдау орталығының есебінше, 2018 жылы Ресей армиясына мұндай типтегі 12 ұшақ қосылған.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG