Accessibility links

Бакуде оппозиция өкілдері саяси тұтқындарды босатуды талап етті


Бакудегі оппозиция өкілдерінің митингісі. 19 қаңтар 2019 жыл

Әзербайжан астанасы Бакуде сенбі күні оппозиция өкілдері өткізген митингіге мыңға жуық адам жиналған. Олар блогер Мехман Гусейнов пен өзге де саяси тұтқындарды босатуды талап еткен.

“Біздің талаптарымыз – Мехман Гусейнов пен өзге де саяси тұтқындарды босату, оффшорға кеткен бюджет ақшаларын қайтару” деді ұлттық кеңес төрағасы Жамиль Гасанли.

Блогер Мехман Гусейнов "полицияны ғайбаттады" деген айыппен екі жылға сотталған. Ол өзіне тағылған жаңа айыпқа қарсылық ретінде үш апта бұрын аштық жариялаған еді. 2019 жылдың көктемінде бостандыққа шығуы тиіс болған Гусейновке "колония қызметкерін ұрды" деген жаңа айып тағылып отыр. Егер оның айыбы дәлелденсе, блогер 5-7 жылға сотталуы мүмкін.

Митингке қатысушылар блогердің суреті бар плакат ұстап тұр. Баку, 19 қаңтар 2019 жыл
Митингке қатысушылар блогердің суреті бар плакат ұстап тұр. Баку, 19 қаңтар 2019 жыл

Бұған дейін Гусейновті қолдап, елдегі бірқатар белсенділер аштық жариялаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG