Accessibility links

ІІМ: Түркістанда әлімжеттік жасағандар анықталды


Интернетте тараған әлімжеттік видеосынан скриншот.

Түркістан облысындағы мектептердің бірінде оқушыларға әлімжеттік жасағандар анықталды. Бұл туралы елдің ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев хабарлады.

"ІІМ интернетте тараған видеодан кейін бірден ақпаратты тексерді. Оқиға 18 қаңтарда Түркістанда болған. Төбелеске қатысқандардың бәрі анықталды" деді ол.

Министрлік өкілінің айтуынша, жоғарғы сынып оқушылары төменгі сыныпта оқитын екі баланы соққан. Ішкі істер министрлігі оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғаған және алдағы уақытта әкімдікпен профилактикалық шара өткізбек.

Ал Түркістан қалалық білім бөлімі Азаттыққа қаладағы № 31, №18, №11 мектептің 9 сынып оқушыларының әлімжеттік жасағанын растады.

21 қаңтарда интернетте жоғарғы сынып оқушыларының өздерінен кіші екі балаға әлімжеттік жасап жатқаны ​бейнеленген видео тараған.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG