Accessibility links

СІМ: Моңғолия сыртқы істер министрінің сапары кейінге қалды


Қазақстан сыртқы істер министрлігі, Астана (Көрнекі сурет).
Қазақстан сыртқы істер министрлігі, Астана (Көрнекі сурет).

Моңғолия сыртқы істер министрі Дамдин Цогтбаатар Қазақстанға жоспарлаған ресми сапарын кейінге қалдырды. Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады. Оның сөзінше, Моңғолия тарапы сапардың не себепті кейінге қалдырылғанын айтпаған.

Бұған дейін министрліктің баспасөз хатшысы Моңғолия сыртқы істер министрі Қазақстанға 24-25 қаңтарда ресми сапармен келетінін хабарлаған. Моңғолия министрі сапары барысында Қазақстан билігі өкілдерімен кездесіп, екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты талқылайды деп жоспарланған. Кездесуде тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастарды дамытуды талқылайды делінген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG