Accessibility links

Путин мен Ердоған Сириядағы жағдайды талқылады


Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путин. Мәскеу, 23 қаңтар 2019 жыл.

Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путин мен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған кездесіп, Сириядағы қақтығысты реттеу жайын талқылады. Келіссөзде Путин АҚШ-тың Сириядан әскерін әкету жоспарын қолдайтынын білдірді.

Түркия президенті АҚШ Сириядан әскерін әкеткеннен соң аймақта туындайтын вакуумды террорлық ұйымдар пайдаланып кетуі мүмкін деп алайдайтынын айтты. Екі ел басшылары мұның алдын алу үшін қауіпсіздік саласында ынтымақтастықты жалғастырып, қақтығыс тоқтатылған соң Сирияны қалпына келтіруге күш салуға уағдаласты.

Ердоған Ресей әскерилерімен бірге Сирияның Түркиямен шекарасында буферлі кеңістік құруды ұсынды.

Путин мен Ердоған сонымен қатар Идлиб провинциясындағы жағдайды реттеу қажетін де айтты. Қазір Идлиб провинциясының бір бөлігін "Хайат Тахрир аш-Шам" тобының күштері бақылауда ұстап тұр.

Сириядағы соғыс 2011 жылы басталған. Содан бері қақтығыстардан 400 мыңға тарта адам қаза тапты. 2018 жылдың соңында АҚШ президенті Дональд Трамп Сириядағы АҚШ әскерін шығаратынын жариялаған. Түркия АҚШ әскері Сириядан шықса елдің солтүстік-шығысындағы жағдай нашарлайды деп қауіптенеді. Бұл аймақтың бір бөлігін күрдтердің өзін-өзі қорғау жасақтары бақылайды. Анкара күрд жасақтарын терроршылар деп санайды.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

"42 мың теңге жәрдемақы алуға "көмектесетін" алаяқтар пайда болды"
please wait

No media source currently available

0:00 0:06:02 0:00
XS
SM
MD
LG