Accessibility links

Трамплиннен секіруші Ткаченко әлем чемпионатында қола алды


Сергей Ткаченко Лахтидегі жарыста. 24 қаңтар 2019 жыл.
Сергей Ткаченко Лахтидегі жарыста. 24 қаңтар 2019 жыл.

Финляндияның Лахти қаласында шаңғы спортынан жастар арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. 24 қаңтарда шаңғымен трамплиннен секіруден ұлдар арасындағы жарыста қазақстандық 19 жастағы спортшы Сергей Ткаченко қола медаль алды. Ол алғашқы мүмкіндігінде 96,5 метрге, екінші мүмкіндігінде 94,5 метрге секірді.

Алтынды норвегиялық Томас Аасен Маренг (екі мүмкіндігінде де - 97 метр), күмісті германиялық Лука Роц (95 метр және 97,5 метр) иеленді.

Сергей Ткаченко 2017 жылы Саппорода (Жапония) өткен қысқы Азия ойындарында жекелей жарыста қола, командалық жарыста күміс алған. 2018 жылы Пхенчханда өткен қысқы олимпиада ойындарына қатысқан.

Лахтидегі жастар арасындағы әлем чемпионаты 27 қаңтарда аяқталады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG