Accessibility links

ІІМ: Дәретханада әлімжеттік жасағандар анықталды


Интернетте тараған әлімжеттік видеосынан скриншот.

Әлеуметтік желіде тараған дәретханада ұл баланы соққыға жыққаны туралы видеодағы жасөспірімдер анықталды. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің (ІІМ) баспасөз хатшысы Алмас Садубаевқа сілтеме жасаған жергілікті БАҚ хабарлады.

Бұған дейін интернетте дәретханада екі жасөспірімнің өздері құралпы баланы тілдеп, аяусыз соққыға жыққаны туралы видео тараған.

Садубаевтың айтуынша, полиция видео бойынша тексеру жүргізіп, соққыға жыққан жасөспірімдерді және оқиғаны видеоға түсіргендерді анықтаған. Ол оқиға бір жыл бұрын, 2018 жылы 10 қаңтарда Қызылордада болғаны анықталғанын айтады. "Ол кезде жәбірленген оқушының ата-анасы полицияға арызданбаған. Оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабының 2-бөлімі ("бұзақылық") бойынша соталды тергеу басталды" деген Садубаев.

Қазақстан мектептеріндегі әлімжеттік туралы бір аптада осымен екінші видео таралып отыр. Қаңтардың 21-інде интернетте түркістандық мектеп оқушыларының үш балаға әлімжеттік жасап, оларды ұрып-соғып, "темекімен күйдіреміз" деп қорқытып, еңбектетіп жатқаны бейнеленген видео тараған. Бұл әрекет әлеуметтік желілерде көптеген қолданушының ашу-ызасын тудырған. Ертеңінде ішкі істер министрлігінің өкілі төбелеске қатысушылардың бәрін анықтағандарын жариялаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG