Accessibility links

Түркістан әкімдігі: Әлімжеттік туралы екінші оқиға анықталды


Интернетте тараған әлімжеттік туралы видеодан скриншот.
Интернетте тараған әлімжеттік туралы видеодан скриншот.

Түркістан қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі әлеуметтік желілерде таралған оқушылар арасындағы әлімжеттік туралы екінші видеоның "Түркістандағы спорт кешендерінің бірінде түсірілгенін" растады.

Видеода бір жасөспірімнің екі оқушыға күш көрсетіп, "айтқанын қайталауға әмір беріп тұрғаны түсірілген. Видеода оқиға орнында оны қолдап тұрған тағы бірнеше жасөспірімнің даусы естіледі.

Жергілікті әкімдік оқушылардың "қай мектепте оқитындары әлі анықталып жатқанын" айтады.

Ішкі істер министрлігінен бұл видео туралы түсінік алу әзірге мүмкін болмады.

Бұл - осы аптада таралған, оқушылар арасындағы әлімжеттік туралы үшінші видео. Қаңтардың 21-і күні интернетте түркістандық мектеп оқушыларының үш балаға әлімжеттік жасап, оларды ұрып-соғып, "темекімен күйдіреміз" деп қорқытып, еңбектетіп жатқаны бейнеленген видео тараған. Бұл әрекет әлеуметтік желілерде көптеген қолданушының ашу-ызасын тудырған. Ертеңінде ішкі істер министрлігінің өкілі төбелеске қатысушылардың бәрін анықтағандарын жариялаған.

Оқи отырыңыз. "Әлімжеттік жасаған" оқушылар тергеліп жатыр

Бұдан кейін интернетте дәретханада бірнеше жасөспірімнің өздері құралпы бір баланы соққыға жыққаны туралы видео жарияланған. Ішкі істер министрлігі ол видеодағы жәбір көрсеткен жасөспірімдердің анықталғанын, видеоның 2018 жылы қаңтарда Қызылордада түсірілгенін хабарлаған. Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің "бұзақылық" бабы бойынша соталды тергеу басталған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG