Accessibility links

Надежда Савченко президенттікке кандидат ретінде ұсынылды


Надежда Савченко
Надежда Савченко

Бұрынғы әскери ұшқыш, Украина жоғары радасының экс-депутаты, “теракт жасамақ болды” және "елдегі конституциялық тәртіпті күшпен құлатпақ болды" деп айыпталып, қазір қамауда отырған Надежда Савченко президенттікке кандидат ретінде ұсынылды.

Мұндай шешім 26 қаңтарда “Надежда Савченконың қоғамдық-саяси платформасы” партиясының съезінде қабылданған. Түрмедегі Савченконың хатын партия съезінде оның әпкесі Вера оқып берген. Кандидаттың бағдарламасында “саяси жүйені конституциялық жолмен өзгерту” сияқты пунктер бар.

Надежда Савченко 2014 жылы Украинаның шығысында Ресей қолдайтын сепаратистердің қолына түсіп, Ресей түрмесіне жіберілген. Оны сот Донбастағы ресейлік журналистердің өліміне кінәлі деп тапты. Кейінірек Украина оны ресейлік сарбаздармен алмастырып, елге оралуына күш салды.

2018 жылы наурыз айында Украинаның құқық қорғау органдары Надежда Савченконы "елдегі конституциялық тәртіпті күшпен құлатпақ болды", "Украина президентінің өміріне қауіп төндірмек болды", "теракт жасауды жоспарлады", "террорлық ұйымға көмектесті", "заңсыз қару сақтады" деген айыптармен қамауға алған.

Украинада президент сайлауы биыл 31 наурызда өтеді. Бұған дейін шоумен Владимир Зеленский, радикалды партия басшысы Олег Ляшко, Львов мэрі Андрей Садовый, Украинаның оппозициялық "Батькивщина" партиясының жетекшісі Юлия Тимошенко сайлауға түсуге дайын екендерін айтқан.

Қарай отырыңыз: Юлия Тимошенко президент сайлауына қатысады (23 қаңтар 2019 жыл)

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG