Accessibility links

СІМ: Түркияда дауылдан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ


Анталья әуежайындағы туристер. Көрнекі сурет

Түркияның Анталья қаласында болған дауылдан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

Осы апта аяғында Түркияның туристер көп баратын Анталья қаласында күшті дауыл болып, әуежайдағы жолаушылар отырған автобустар аударылған, ұшақтар мен тікұшақ бүлінген. Бұған қоса, қаладағы ғимараттар бұзылған.

Соңғы дерек бойынша, екі адам қаза тапқан, 12 адам жараланған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG