Accessibility links

АҚШ "Талибан" өкілдерімен келіссөздің сәтті болғанын растады


АҚШ-тың Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Залмай Халилзад. Көрнекі сурет
АҚШ-тың Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Залмай Халилзад. Көрнекі сурет

АҚШ пен радикалды “Талибан” қозғалысы арасында Ауғанстандағы жағдайды бейбіт реттеу бойынша келіссөздің соңғы отырысы алдыңғыларына қарағанда сәтті өткен. Тараптар маңызды мәселелер бойынша ортақ мәмілеге келе алған. Бұл туралы АҚШ-тың Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Залмай Халилзад хабарлаған.

Ол Twitter-дегі парақшасында 26 қаңтарда Ауғанстан билігімен келісілген мәселелерді талқылау үшін Кабулға ұшып бара жатқанын жазған. Халилзад сонымен бірге "Талибанмен" арада шешілмеген мәселелер де қалғанын айтқан.

Бұған дейін халықаралық агенттіктер "Талибан" қозғалысының өкілдеріне сілтеме жасай отырып, Катардағы келіссөзде екі тараптың даулы мәселелер бойынша келісімге келгенін хабарлаған.

Келісімнің мәтіні әлі жарияланған жоқ. Дегенмен алдын ала ақпарат бойынша, онда "Талибан" қозғалысының "Әл-Каида", "Ислам мемлекеті" сияқты террористік топтарға Ауғанстан территориясында шоғырлануына мүмкіндік бермеу сияқты шарт бар. Онда сонымен бірге тараптардың бітімге келуі, Ауғанстандағы уақытша үкіметтің құрылуымен келісу, 18 айдың ішінде Ауғанстаннан шетел әскерін алып кету сияқты мәселелер қарастырылған. АҚШ өкілдері әзірге келісімге байланысты түсініктеме берген жоқ.

Оқи отырыңыз: Ауғанстанда "Талибан" шабуылынан 12 адам қаза тапты

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG