Accessibility links

Садриддин Ахмедов WBC белбеуін жеңіп алды


Қазақстандық боксшы Садриддин Ахметов пен Абрахам Хуарес арасындағы жекпе-жек. Монреаль, 27 қаңтар 2019 жыл.
Қазақстандық боксшы Садриддин Ахметов пен Абрахам Хуарес арасындағы жекпе-жек. Монреаль, 27 қаңтар 2019 жыл.

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов жастар арасындағы WBC чемпиондық белбеуін жеңіп алды.

Ол Канаданың Монреаль қаласында өткен кәсіпқой боксы кешінде мексикалық Абрахан Хуареспен бокстасты. Он раундтан тұрған жекпе-жек бес раундқа жетпей аяқталды. Мексикалық боксшы қатарынан екі рет нокдаун алған соң төреші жекпе-жекті тоқтатты.

Бұған дейін 14 желтоқсанда Садриддин Ахмедов мексикалық қарсыласы Элиуд Мелендес Рочуды жеңген.

Бұл - 20 жастағы Ахмедовтің кәсіпқой бокстағы жетінші кездесуі. Ол бұған дейінгі кездесулерінің бәрінде жеңіске жеткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG