Accessibility links

Журналист Әбділдә Мұқашев қайтыс болды


“Ақ жайық” басылымының құрылтайшысы Әбділдә Мұқашев. Скриншот azh.kz сайтынан алынған
“Ақ жайық” басылымының құрылтайшысы Әбділдә Мұқашев. Скриншот azh.kz сайтынан алынған

Қазақстандық танымал журналист, “Ақ жайық” аймақаралық басылымының құрылтайшысы Әбділдә Мұқашев қайтыс болды деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі. Басылымның бас редакторының кеңесшісі Сабыр Қайырхановтың айтуынша, ұзақ уақыт ауырған журналист сенбі күні дүниеден өткен. Журналисті жерлеу рәсімі 29 қаңтарда Атыраудағы газет ғимаратында өтеді.

58 жастағы Әбділдә Мұқашев Атырау облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын типографияда баспашы ретінде бастаған. Кейінірек облыстық “Прикаспийская коммуна” облыстық басылымының тілшісі болған.

“1991 жылы ол “Ақ жайық” газетін ашты. Бұл басылым тәуелсіздік жылдары аймақаралық газетке айналды, сөз бостандығы мен қазақстандықтардың құқықтарын қорғады, елдегі азаматтық қоғамның дамуына үлес қосты. Қазіргі кезде “Ақ жайыққа” көп сілтеме жасалады, танымалдық жағынан елдегі кейбір республикалық басылымдардан да асып түседі. Газет өзінің жеке баспахана кешенінде басылып шығады. Бұл сөзсіз Әбділдә Мұқашевтің еңбегі. Оның дүниеден озуы отандық журналистика үшін орны толмас қаза” деп агенттік Журналистер одағының басшысы Сейтқазы Матаевтың пікірін келтірген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG