Accessibility links

Қытай қазақтары АҚШ пен Ресей биліктерінен араша сұрады


Қытайдан келген азаматтар осы елдегі туыстарына араша сұрап баспасөз мәслихатын өткізіп отыр. Алматы, 28 қаңтар 2019 жыл.

28 қаңтар күні Алматыда Қытайдың Құмыл аймағы Баркөл ауданынан келген этникалық қазақтар Қытайда жазықсыз қуғын көріп отыр деген туыстарына араша сұрап баспасөз мәслихатын өткізді.

"Атажұрт еріктілері" қоғамдық ұйымының кеңсесінде өткен жиында қатысушылардың бірі жиналғандар атынан АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннен араша сұрап, ағылшын және орыс тілдерінде үндеу оқыды.

Жиынға 30-ға тарта адам келді. Олардың кейбірі баласы саяси үйрену лагерінде, кейбірі туыстарының үйқамақта отырғанын, біразы туыстарының сотталып кеткенін айтса, тағы бірінің туыстары Қазақстанға қайта алмай отырғанын айтады.

Қытайдың Шыңжаң өңірінде этникалық азшылыққа, оның ішінде этникалық қазақтарға қысым жасау туралы деректер 2017 жылдың сәуірінен бастап түсіп жатыр. Азаттық Шыңжаңда қамауға алынған, Қазақстанға орала алмай жатқан Қытайдағы қазақтар туралы бірнеше рет жазған.

Оқи отырыңыз: Шыңжаң қазағы: "Саяси үйрену орталығында тек қытайша сөйлеуің керек"

Былтыр Қазақстан сыртқы істер министрлігі Қытайда қамауда отырған қазақтардың туыстарынан 915 өтініш түскені, 2018 жылдың басынан бері Қытай тарабы екі мыңнан астам қазақтың Қытай аумағынан кетуіне рұқсат бергенін хабарлаған. Ресми мәлімет бойынша, сонымен бірге Қытайда қос азаматтығы үшін күдікті саналып, ұсталған 29 қазақстандықтың 15-і бостандыққа шыққан.

  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG