Accessibility links

"БТА банктен ақша жымқырды" деген күдікті экстрадицияланды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан бас прокуратурасы мен жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро қызметкерлері Өзбекстаннан Артур Трофимов есімді адамды алып келді. Бұл ақпарат бас прокуратура сайтында жарияланды.

Қадағалаушы органның мәліметінше, Трофимов "2005-2009 жылдары "БТА банктен" аса ірі көлемде қаржы жымқырды, ұрланған ақшаны заңдастырды және қылмыстық топ құрды" деген күдікке ілінген.

Бас прокуратура күдіктіні "Қазақстан мен Өзбекстанның құқық қорғау органдарының бірігіп әрекет етуінің арқасында" экстрадициялағанын айтты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG