Accessibility links

Трамп "шатдаун" қайталануы мүмкін екенін ескертті


АҚШ президенті Дональд Трамп
АҚШ президенті Дональд Трамп

АҚШ президенті Дональд Трамп Конгрестегі республикашылдар мен демократтар "Мексика шекарасында дуал тұрғызу мәселесін шешіп, келісімге келеді" дегенге сенбейді.

Трамп The Wall Street Journal-ға берген сұхбатында "бітімгерлердің құрамында тәжірибелі адамдар көп болса да, конгрестің келісімге келу мүмкіндігі - елу де елу. Мұндай жағдайда "шатдаун" қайталануы мүмкін" деген.

Ақ үй басшысы "5,6 миллиард долларды (Трамптың заңсыз мигранттарды кіргізбеу үшін АҚШ пен Мексика шекарасына дуал тұрғызу үшін қажет деген қаржысы - ред.) қоспаған кез келген ұсынысқа келіспейтінін" айтқан. Трамп келіссөз сәтсіз аяқталса елде төтенше жағдай жариялайтынын тағы да ескерткен.

Құрамында 17 адамы бар бітімгерлер командасы 15 ақпанға дейін, яғни бюджет туралы қысқа мерзімді келісім аяқталғанша, істі біржақты етуі керек. Бұған дейін АҚШ тарихындағы ең ұзақ, 35 күнге созылған "шатдаун" уақытша аяқталып, ішінара тоқтап қалған үкімет жұмысы қайта жанданған.

22 желтоқсаннан бері "шатдаун" кесірінен АҚШ-тың 800 мың мемлекеттік қызметкері айлықсыз қалған. Шамамен 350 мың қызметкер ақысыз демалысқа жіберілген. Олардың арасында NASA қызметкерлері, ұлттық саябақ қызметінің өкілдері бар. Жалақы мәселесі ішкі қауіпсіздік, көлік, әділет министрліктері, АҚШ мемлекеттік департаменті, федералдық тергеу бюросы қызметкерлерін де алаңдатқан. Bloomberg агенттігінің жазуынша, АҚШ-та "шатдаун" кесірінен әр екі аптада өндіріс 0,1 пайызға қысқарған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG