Accessibility links

ГКЧП құруға қатысқандардың бірі Александр Тизяков қайтыс болды


Александр Тизяков.
Александр Тизяков.

Екатеринбургте 1991 жылы "тамыз бүлігін" ұйымдастырған төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетттің (орысша ГКЧП) мүшесі Александр Тизяков 92 жасында қайтыс болды. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.

Тизяков 1991 жылы КСРО мемлекеттік кәсіпорындары мен өнеркәсіп нысандары, құрылыс, транспорт және байланыс ассоциациясының президенті болған. "Совет басшылығының" ГКЧП жарияланғаны туралы мәлімдемесінде оның осы ассоциация президенті екені айтылған.

1991 жылы 19 тамызда КСРО-да КПСС орталық комитеті мен КСРО үкіметінің сегіз мүшесінен құралған топ мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған. Жаңа одақтық келісім жасатқызбауды көздеген бұл топ КСРо президенті Михаил Горбачевті биліктен шеттетіп, төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитет құрылғандығын және 19 тамыздан бастап СССР-дің жекелеген жерлерінде алты айға дейін төтенше жағдай енгізілетінін мәлімдеген. Үш күнге созылған саяси текетіресте Ресей (РСФСР) президенті Борис Ельцин бастаған топ жеңіске жетті.

КСРО-ның ірі қалаларында ГКЧП жариялаған топтың әрекетіне жаппай қарсылық акциялары өтіп, 22 тамызда Горбачев Мәскеуге оралды. Ал ГКЧП мүшелері тұтқындалып, кейін сотқа тартылды. Тизяков мемлекетке сатқындық жасады деп айыпталып, 1993 жылы қамаудан босатылды, ал 1994 жылы рақымшылық жасалды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG