Accessibility links

Шымкентте "полицей өліміне айыпты" деп танылған дәрігер сотталды


Шымкенттің Әл-Фараби аудандық соты.
Шымкенттің Әл-Фараби аудандық соты.

29 қаңтарда Шымкенттегі Әл-Фараби аудандық соты "Меру-Ис" жекеменшік клиникасында қайтыс болған қалалық полиция департаменті қызметкерінің өлімі ісі бойынша үкім шығарды.

Сот тергеуін жүргізген судья Еркін Оспанов клиниканың бұрынғы бас дәрігері Нұрлан Мұсабековті Қылмыстық кодекстің 317-бабымен ("медицина немесе фармацевтика қызметкерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы") кінәлі деп танып, екі жылға бас бостандығын шектеу және үш жыл медицина саласында жұмыс істеуге тыйым салу туралы үкім кесті. Судья сонымен бірге бұрынғы бас дәрігерді жүз сағат қоғамдық жұмыс істеуге міндеттеді.

Судья Еркін Оспановтың айтуынша, сотталушы айыбын толық мойындаған. Ол бұрын-соңды сотталмаған, кәмелет жасына толмаған бес баласы бар. 30 жасында қайтыс болған марқұмның туыстары айыпталушыға кешірім берген.

25 қыркүйекте Шымкенттегі жекеменшік клиникалардың бірінде қалалық ішкі істер департаментінің қызметкері екпе салу кезінде қайтыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG