Accessibility links

Мәжіліс депутаты Серік Сәпиевтің өкілеті тоқтатылды


Серік Сәпиев.
Серік Сәпиев.

Парламент мәжілісінің депутаты Серік Сәпиевтің мандаты мерзімінен бұрын тоқтатылды. Бұл туралы 30 қаңтарда Tengrinews.kz сайты хабарлады.

Парламенттің пленарлық отырысында орталық сайлау комиссиясының төрағасы Бақыт Мелдешев Сәпиевтің отставкаға кету туралы өтінішін оқып, депутаттардың қарауына ұсынды. Депутаттар Сәпиевтің өтінішін қолдау дауыс берді. Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин Серік Сәпиевке парламенттегі жұмысына алғыс білдіріп, жаңа мемлекеттік қызметінде сәттілік тіледі.

Мәжіліс депутаты қызметінен босаған Серік Сәпиев мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Боксшы Серік Сәпиев мәжіліс депутаты қызметіне 2017 жылы ақпанда "Нұр Отан" партиясының атынан кіріскен.

Серік Сәпиев депутаттық қызметіне дейін Алматыда өткен қысқы универсиада ойындары кезінде Атлетикалық қалашықтың мэрі болған. Ол сонымен қатар ЮНЕСКО-дағы ерікті елші болған. Сәпиев спорттағы мансабында бокстан 2005 және 2007 жылғы әлем чемпионы, Азия ойындарының чемпионы болған. Сәпиев 2012 жылғы Лондон олимпиадасының чемпионы атанғанда оған Олимпиададағы техникасы ең мықты боксшыға берілетін Вэл Баркер кубогы табысталған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG