Accessibility links

Назарбаев: Былтыр экономикада өсім 4 пайыз болды


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті.

Астанада 30 қаңтар күні сағат 11-де үкіметтің кеңейтілген жиыны басталды. Жергілікті агенттіктердің хабарлауынша, жиынды Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жүргізіп отыр. Үкімет жиынын мемлекеттік телеарналар да, ресми агенттіктер сайттары да тікелей эфирден көрсетіп жатқан жоқ.

Үкімет жиынында Назарбаев бүгін Қазақстанның 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, келешекке қойылатын жоспар талқыланатынын айтты. Президенттің сөзінше, былтырғы жылдың қорытындысында эконмиканың барлық бағытында "өсім байқалған". "Өсім 4 пайызды құрады. Сауда саласындағы өсім 7,6 пайыз болды, басқа салаларда да өсім бар. Инфляция жоспарлағанымыздай 5 пайыз шамасында болды" деді Назарбаев.

Жиында премьер-министрдің орынбасары Ерболат Досаев, ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев пен индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек баяндама жасады.

Былтыр үкіметтің жыл қорытындысына арналған кеңейтілген отырысы 9 ақпанда өткен. Мұндай жиындарға әдетте үкімет мүшелері мен әкімдер қатысып, баяндама жасайды. Сосын президент өз сын-ескертпелерін айтады. Былтыр Назарбаев Қазақстанның банк саласындағы жағдайды сынап, мемлекет банктерге қолдау көрсетпеуі тиіс екенін айтқан. Алайда, 2018 жылдың соңында үкімет ұлттық банкпен бірге "Цеснабанктің" ауылшаруашылығы саласына бөлген несиелерін 450 миллиард теңгеге сатып алған. Осы аптада қаржы министрі Әлихан Смайылов билік президент әкімшілігінің бұрынғы басшысы Әділбек Жақсыбековтің отбасы бақылайтын "Цеснабанкке" проблемалық несиелер қорынан 604 миллиард теңге (шамамен 1,6 миллиард теңге) бөлу жоспарын ойластырып жатқанын растаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG