Accessibility links

Қырғызстанда ондаған бала кісі қолынан мерт болған


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

2018 жылы Қырғызстанда кәмелет жасқа толмаған балаларды өлтіруге қатысты 14 қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы 30 қаңтарда Бішкекте Қырғызстан бас прокуратурасының өкілі Тимур Саитов мәлімдеді.

Оның сөзінше, он іс - "Кісі өлтіру" бабы, екі іс - "Баласын анасының өлтіруі" бабы, бір іс - "Мас күйде өлтіру" бабы, тағы бір іс "Абайсызда адам өлтіріп алу" бабы бойынша қозғалған. Бес айыпталушы бас бостандығынан айырылған. Бір адам өмір бойына түрмеге қамалған. Қалғандары әлі тергеліп жатыр.

Соңғы кездері республикада балаларды қинау туралы ақпарат тарап, өлім-жітім көбейіп кеткен соң құқық қорғау органдары мен азаматтық қоғам өкілдері дөңгелек үстел өткізген. Қырғызстанда өткен екі-үш айда ата-анасы ажырасқан немесе жұмыс іздеп жырақта жүрген адамдардың туыстарына қалдырып кеткен балалары өлгені туралы бірнеше оқиға болған. Олардың өліміне күдікті ретінде туыстары мен таныстары қамауға алынған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG