Accessibility links

Қазақстан регби федерациясының экс-президенті сотталды


Регбиден Қазақстан құрамасы. Көрнекі сурет.
Регбиден Қазақстан құрамасы. Көрнекі сурет.

"Бюджет қаржысын жымқырды" деп айыпталған Қазақстан регби федерациясының бұрынғы президенті Мұрат Уанбаев сотталды. Үкім 30 қаңтарда Алматының Медеу аудандық сотында шықты. Бұл туралы vesti.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Сот Уанбаевты Қылмыстық кодекстің "аса ірі көлемде ақша жымқыру" бабы бойынша кінәлі деп танып, алты жыл жалпы режимдегі түрмеге қамауға шешім шығарды. Ол "жымқырған қаржысын" қайтаруы тиіс.

Сот үкімі 15 күннен кейін күшіне енеді. Уанбаев осы аралықта аппеляциялық шағым түсіруге құқылы.

Уанбаевқа қатысты қылмыстық іс былтыр жазда қозғалған. Ол "Регбиден Қазақстан әйелдер құрамасының жаттығуына және халықаралық жолдастық кездесулеріне жұмсалуы тиіс 17 миллион 440 мың теңгені жымқырды" деген күдікке ілінген.

Мұрат Уанбаев 1988-1992 жылдары регбиден Совет одағы құрамасының мүшесі болған. 1992-2006 жылдары Францияның жоғары чемпионатында ойнаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG