Accessibility links

Мирзияев Самарқанда Каримовке ас берді


Ташкенттегі "Ақсарай" резиденциясы алдына орнатылған Ислам Каримовтің ескерткіші.

Өзбекстанда 30 қаңтарда елдің тұңғыш президенті Ислам Каримовтің туған күні құрметіне еске алу шаралары өтті.

Өзбекстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, президент Шавкат Мирзияев Ташкенттегі Ислам Каримов ескерткішіне гүл қойып, Самарқандағы Шахи-Зинда тарихи зиратына жерленген Каримовтің басына барып дұға оқыды. Бұдан соң президент Самарқанда ас берді. Еске алу шарасына елдегі мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ел ақсақалдары мен жастар қатысты.

Фотогалерея: Ислам Каримовті еске алу

Ташкент пен облыс орталықтарында да тұңғыш президентті еске алу шаралары өтті.

Шавкат Мирзияевтің 2017 жылы 25 қаңтарда шығарған қаулысына сәйкес, Өзбекстанда Ислам Каримовтің туған күні жыл сайын атап өтіледі.

Өзбекстанды 27 жыл басқарған Ислам Каримов 2016 жылдың қыркүйек айында 78 жасында қайтыс болған.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG