Accessibility links

Парламент Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы құжатты мақұлдады


Каспий теңізіндегі әскери жаттығу (Көрнекі сурет).
Каспий теңізіндегі әскери жаттығу (Көрнекі сурет).

Қазақстан парламентінің сенаты 31 қаңтарда Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны бекіту жөніндегі заң жобасын мақұлдады.

Конвенцияға Каспий теңізімен бес мемлекет - Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Түркіменстан және Ресей президенттері 2018 жылы 12 тамызда Ақтауда өткен саммитте қол қойған. Конвенцияда Каспий теңізіне қатысты тараптардың құқықтары мен міндеттері анықталған. Құжатта табиғи ресурстарды қолдану, территориялық сулар, теңіздегі шекара, кеме жүру тәртібі, балық аулау құқығы, табиғатты қорғау мәселелері жазылған.

Сенат депутаттары алдында сөйлеген Қазақстан сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов конвенция бойынша, Каспий теңізіне қатысты мәселелер "Каспий маңы елдерінің ғана құзырымен шешілетінін" айтты. "Каспийге теңізбен шектесетін бес мемлекеттен өзге елдің кемелері және қарулы күштері кіргізілмейді" деді министр.

Каспий теңізін бөлу мәселесі 1992 жылдан бері талқыланып келеді. КСРО ыдырап, оның құрамындағы мемлекеттер тәуелсіздігін алған соң Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Түркіменстан мен Иранға екі мыңға жуық су асты жануары мекендейтін, 700-ден астам теңіз өсімдігі бар, мұнай мен газ кеніштеріне бай әлемдегі ең ірі тұйық су қоймасының құқықтық мәртебесін жаңадан анықтау қажет болды.

Заң жобасына енді президент қол қоюы керек.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG