Accessibility links

СҚО: Қызылша ауруына шалдыққандар саны күрт артты


Петропавлдағы емханалардың бірінде дәрігер қабылдауында отырған әйел (көрнекі сурет).
Петропавлдағы емханалардың бірінде дәрігер қабылдауында отырған әйел (көрнекі сурет).

Солтүстік Қазақстан облыстық қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің дерегіне сәйкес, жыл басынан бері облыста 36 адам қызылша ауруына шалдықты деген күдікпен тіркелген. Олардың 24-і - 14 жасқа дейінгі балалар, ал 12-сі - ересектер.

Департамент дерегінше, қызылша күдігімен тіркелген 36 адамның 83 пайызы, яғни 30 адам қызылшаға қарсы екпе алмаған.

Ал зертханалық дәлелмен нақты қызылша диагнозы 22 адамға қойылған. Оның ішінде 13 науқастың жасы 14-ке толмаған, 9-ы ересектер арасында тіркелген.

Департаменттің ресми дерегіне сәйкес, 2018 жылы облыста бір ғана адам қызылшаға шалдыққан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG